Бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы » атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары, Мұхит мектебінің оқушылары және кітапхана ұжымы қатысты.
Шара барысында Ауған соғысына қатысқан қаратөбелік азаматтардың өмірі мен ауған соғысындағы тарихи суреттерінен сыр шертіліп, слайд түрінде таныстырылды.
Сондай-ақ дөңгелек үстелде мектеп өнерпаздары белгісіз солдаттың хатын оқып, рухты жырдан шашу шашса, келген оқырмандар осындай интернационалдық борышын өтеген азаматтардың ерліктері жөнінде пікір алмасты.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы