Бүгін Қаратөбе ауданында М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Ізімғалиұлының төрағалығымен Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жиында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Еркінбек Жәнібеков Жолдауда айтылғандай, кәсіпкерлік саласына тоқталып, аудан көркін кетіріп тұрған ескі ғимараттардың орнына ауыл халқының пайдасына жарар жаңа нысандар салу керектігін сөз етті.
М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Ажар Берікқалиқызы Темір ауылының кірер тұстағы ескі ғимараттардың орнына жеке балабақша салу жөнінде ұсыныс тастаса, «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов аудандағы жас өрендердің қаламынан туған шығармаларды жинақтап, кітап шығару, ауданда орын алған өзекті мәселелерді аудандық басылым бетінде көтеру мәселесін қозғады.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы