Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай Қаратөбе ауданының Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасында өткізілген волейбол ойынынан мектепаралық ашық біріншілік ұлағат ұясының басшысы Есен Ғұмаровтың кіріспе сөзімен ашылды.
Мектеп директоры өз сөзінде осындай ерлік сағаттары арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезім иірімдерінің қалыптасып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерге құрметтің әркез көрсетіле беретіндігін алға тартты.
Ойын бәсекесі алаңында аудан орталығында шоғырланған Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы ЖОББМ, Шөптікөл ЖОББМБ командалары өзара сынға түсті. 
Тартысты өрбіген жарыс қорытындысында Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасына І орын берілді.
Шараға қатысқан ауған соғысының ардагері Батырбек Жұмағалиев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы, әскерге шақыру бөлімшесі бастығының көмекшісі Қуаныш Амангелді, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Екпін Тінәлиев ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Тағылымы мол спорттық шара «Ауғанның отты жалыны» атты ерлік сағатына ұласты.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы