9 ақпанда Қаратөбе аудандық сотының ғимаратында 2016 жылғы қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша орын алған кемшіліктерді талқылау жөнінде Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінің және жергілікті полицияның қызметкерлерімен семинар өтті.
Семинарда сөз алған судья Олжас Миралиев ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сүйеніп, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 2016 жылы қаралған істердегі кемшіліктерді айтып, әкімшілік құқық бұзушының құқық бұзғандығына дәлел, айғақ болатын куәгерлерден толыққанды түсінктеме алу керектігін атап өтті.
Одаң соң аудандық сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова полиция қызметкерлеріне ҚР ӘҚБтК-нің талаптарына сай хаттамаларды дұрыс толтыру керектігін айтып, ҚР ӘҚБтК-нің баптарының талаптарын талдап түсіндірді.
Семинар барысында ҚР ӘҚБтК-нің баптарының талаптарын талқылап, соған байланысты көтерілген сұрақтарға полиция қызметкерлері толыққанды жауап алды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы