9 ақпан күні Қаратөбе ауданының Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы |Жолдауын ақпараттық-насихатшы топ талқылады.
Жиында сөз алған Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев Жолдаудағы басты міндеттерге тоқталды. Оның ішінде Елбасымыздың бастамасы бойынша «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын баяндады.
Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылады. 
Кәсіптік білім беру жүйесі арқылы экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қойып отыр. Осы орайда ауылымыздағы жұмыссыз жүрген жастарымыз кәсіптік білім алып, өз кәсібін дөңгелетуге жол ашуға мүмкіндіктер бар екендігін жеткізді.
- Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісті. Өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.
Шағын несие беру аясы кеңейтіліп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдаланып, бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқарумыз керек,- деді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Батырғали Тойшыбаев.
Жиын басында ауыл тұрғындары ауданнан келген насихатшы топқа көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тиісінше жауаптар алды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы