Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы ұжымында талқыланды.
Егемен еліміздің ендігі жердегі мақсаты – дамыған отыз ел қатарына ену. Ол межеге жету жолында Елбасы Жолдауы күш берері сөзсіз.
Бүгінгі Жолдауды талқылау жиынында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов биылғы жылдың басты тарихи құжатында көрсетілген міндеттерге қысқаша шолу жасады. Соның ішінде білім беру, адамгершілік-рухани тәрбие, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, денсаулық сақтау, дене шы¬нықтыру және спорт, сондай-ақ Жолдауда жаңғыртудың ең маңызды мәселе¬лерінің бірі ретінде көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне айрықша тоқталды.
«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:
«Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға және биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге арналған. Күшті президенттік билікті сақтай отырып жүргізілетін мұндай реформа еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп-өркендеудің берік кепілі болатынына нық сенемін» деді.
- Елбасы кезекті Жолдауында жастар мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ. Олардың маңдайалды маман, абыройлы ғалым болуына мүмкіндіктердің жолын көрсетті.
Соның бір дәлелі аудан жастарына үлгі боларлық Мұхтар Мерекеұлының аудан әкімінің есеп беруі жиынында сөйлеген сөзі, атқарып жүрген қызметі дәлел бола алады. 
«Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы дегендей», осы бір аса маңызды құжатқа сүйене отырып, жастардың кемел келешекке жететіндігіне кәміл сенемін. «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп Елбасы бекер айтпаған. Сондықтан, бұл – жастарға деген сенім, ал, жастар халықтың алдындағы қарыз бен парызды сезіну керек. Аға ұрпақтың жетістіктерін одан әрі жалғастыру – жастардың негізгі міндеті. Келешекте осы Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асуына баршаңызды бірігіп атсалысуға шақырамын, - деді «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы