7 ақпан күні Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «ЭКСПО – Жарқын істерге жол ашады» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында сөз алған «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Әмірхан Анарбекұлы «ЭКСПО» көрмесінің маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталып өтті.
Одан соң жас оқырмандар «ЭКСПО» туралы жырларын тарту етсе, оқырмандар көрме турасындағы сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында кітапханашы Құрманай Ғатауова «ЭКСПО-2017» – Қазақстанның болашағы» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы