Өткен жылды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған шеруге аудан орталығы мен ауылдық округтерден тәрбиеші педагогтар мен тәрбиеленуші бүлдіршіндер қатынасып, түрлі әндер шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.
- «Үздіктер шеруі» мерекесі мектепке дейінгі ұйымдардың абыройын аудан, облыс, республикалық деңгейде асқақтатып жүрген білімді де дарынды, өнерлі де талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау,- дейді шараны ұйымдастырушы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гауhар Жақияқызы.
Мерекелік шерудің соңы сән-салтанат құрған бүлдіршіндердің әдемі әнімен аяқталды.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы