Аудан әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сұлтан аудан көлемінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оны көрсетудегі басты кемшіліктерді талқылау, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімді механизмдерін өзара келісу, алдағы атқарылатын жұмыстарды талқылап, өзара қарым-қатынасты күшейту керектігін атап өтті.
Кезегінде сөз алған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Лилида Сайнова 2017 жылы аудандық дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктеріндегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге ішкі бақылау жүргізу, электронды түрде көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ақпараттық жүйелерде жауапты мамандардың есептік жазбаларын өзектендіру, ЭЦҚ уақытылы мерзімін ұзартып отыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді халық арасында БАҚ-та, интернет ресурстарда жариялау, дөңгелек үстел-жиналыстар өткізу арқылы кеңінен насихаттау сияқты жоспарлы жұмыстарды баяндады.
Одаң соң аудандық ХҚКО басшысының орынбасары Алтынай Қазиуллина мобильдік топтар арқылы халық аудан орталығына бармастан, жергілікті жерде көптеген қызметтерді ала алады, бастысы мобильді топтар барған кезде халықтың жиналуына ықпал ету қажет. Сол үшін ауылдық округ әкімдерінен халық арасында осы мобильді топтардың жұмысы туралы кеңінен насихаттап, түсіндіріп, топтар барған кезде қажетінше жиналуына қолдау көрсетулерін сұрады.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Ғұбайдуллина ауылдық округтерде туу, өлу фактілеріне қатысты уақытылы тіркелуін қамтамасыз етуді, ХҚКО-нан жолданатын құжаттарда өтініш берушінің барлық байланыс деректері және жұмыс орны көрсетілуі туралы өтінішін білдірді.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы