Бүгін Қаратөбе колледжінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаhандық бәсекеге қабіллеттілік» тақырыбында Елбасы Жолдауын талқылау кездесуі ерекше форматта болып өтті.

Кезінде ата бабаларымыз Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолымен көптеген кедергілерден өтіп, қазақ елін сыртқы жаулардан сақтағаны бәрімізге белгілі. Қазіргі жеткен жетістігіміз бен алған асуымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен жолдаған Жолдауы арқасы деп білеміз.
Талқылау жиында алдымен Елбасымыздың Үндеуі тыңдалып, колледж ұстаздары мен студенттері Елбасымыздың жасаған бес бағыты бойынша жеке-жеке тоқталды. Атап айтар болсақ ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Рима Аронова екінші басымдылықта нақты тоқталып өткен білім беру жүйесімен, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгеріске кеңінен тоқталып өтсе, тарих пәнінің оқытушысы Бегайдар Ақташев бесінші басымдылықтағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде сондай-ақ діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе ғаламтор желілеріндегі жолын кесуді қысқаша атап өтті.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нәжім Дәулетов:
-Жолдаудың тарихы тереңде. Халыққа Жолдау–бір елдің алдағы бір жылдық іс-қимылының, жоба-жоспарының негізгі үлгісін айқындайды. Дегенмен, әр Жолдауда болашаққа жасалған ұзақ мерзімді мақсат енгізілетіні ақиқат. Елбасымыздың биылғы Жолдауында мемлекеттің экономикалық-қаржылық дамуы, кәсіптік білім бағытында, денсаулық пен білім, сыртқы саясат, ішкі өндіріс пен елдің табысын еселеу мақсаттары алға қойылып бекітіледі. Әрине, әр Жолдаудың өзінше ерекшелігі, өзіндік басымдық беретін салалары болары сөзсіз,-деп өз пікірін білдірді.
«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов Елбасының Жолдауындағы басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек. Олар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, шағын және орта бизнесті дамыту керек,- деді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов жаңаша форматта ұйымдастырған колледж басшылығына, ұстаздар қауымына алғысын жеткізе отырып:
- Бүгінгі таңда колледж жастары әр түрлі іс шараларда белсенділік таңытуда. Әрине оның барлығы ұстаздардың еңбегінің жемісі. Жастардын мәселесі Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі Елбасымыздың Жолдауына қолдау білдіре отырып, біз барша жергілікті халық арасында, студент-жастармен, аудандардағы мекеме-ұжымдар арасында ұйытқы болып, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізудеміз,- деді.
Қаратөбе колледжінің директоры Маулен Аманшаұлы:
- «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп тағы бір мақсатты айқындап, сол мақсатқа жетуде қазақ халқының рөлін көрсетіп, алдағы уақытта біздің мемлекет жаңа қазақстандық патриотизмге негізделген қазақ тілді мемлекет болатынын айтып мемлекет басшысының елдің рухын көтеретін мәселелерге көптеп көңіл бөлгенін қуанышпен атап өтті. Елбасы Жолдауында көрсетілген кәсіптік білім саласы да жаңғыру жолында екенін атап өтті.
Ендігі мақсатымыз Елбасымыздың Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосамыз,- деп тоқтала кетті.
Халық қалаулыларымен ұстаздар қауымы Елбасының әлеуметтік саланы да басым бағыт ретінде белгілегенін, бұл салаға да бірқатар оң өзгерістер жоспарланып, енгізіліп те жатқанын атап өтті.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы