«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру мақсатында аудан жастарымен дөңгелек үстел өтті.

- Жолдауда бес бағыт бойынша алдымызға көптеген міндеттер қойылып отыр. Олар экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбейлі жақсарту мен кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту мен интитуционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Бұл басымдылықтар еліміздің жаңаша дамуына жол ашады. Осы бағытта бәріміз жұмыла жұмыс атқаратындығымызға сенімдімін, -деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов.
Қаратөбе мектеп-гимназиясының тариx пәнінің мұғалімі Қанат Мұратұлы Елбасының Жолдауында білім беру саласына көптеген басымдылықтарға тоқталды. Сондай-ақ оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу керектігінде назардан тыс қалдырмады.
«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Жақанұлы өз сөзінде Жолдауда бес бағыт бойынша алдымызға көптеген міндеттер қойылып отырғандығын, елдің тыныштығы, әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдың тұрақтылығы, халықтың әл-ауқатын көтеру жайында айтты.
Дөңгелек үстел барысында Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы ЖОББМ ұстаздары, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары қатысып «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.
Жолдауда әлемнің көптеген мемлекетпен бәсекеге түсудің, жаһандық құбылыстарға төтеп берудің жолдары көрсетілген. Аудан жастары Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдауда.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы