3 ақпан күні облыстық «Танылмаған талант - 2016» байқауының жеңімпаздары мен финалисттері киелі Қаратөбе өңірінде болып өз өнерлерін паш етті. 

Аталмыш байқауға қатысып өнерлерімен ерекшелеген өнер иелері сазды сәлемдерін жолдап, аудан жастарының қошеметіне бөленді.
Концеттік бағдарламада Ақгүл Қажиденова «Заманауи», Салтанат Өтемісова «Модерн» билерін тарту етті.
Сәкен Амангелдиев пен Талант Жұмагелді көрерменді қығытпа қалжындарымен баурап алса, өнерлі өлкемізден шығып, әншілік өнерді жанына серік етіп жүрген жерлесіміз Елдос Өтеген төл туындысы «Менің гүлім» әнің орындап көрермендер жүрегіне жол тапты.
Концертте аудандық балалар шығармашылығы үйі жанындағы «Ақындық әліппесі» үйірмесінің тәлімгері жас ақын Райымбек Өтепов талант иелеріне арнауын жолдады.
Концерт соңында «Танылмаған талант» байқауының әнұранына айналған әнімен қорытындыланды.
Әсерлі кешпен баураған талант иелерінің сазды кешінен қаратөбелік көрермен риза көңілмен тарқасты.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы