«Бақытты балалық шақ» партия жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында ақпан айының алғашқы күні өткен дөңгелек үстелдің тақырыбы «Отбасы – Отанның бастауы» деп аталды.

Дөңгелек үстелге қатысушы ауданық мұрағат, музей және орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымдарының қызметкерлері тақырыпқа сай отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы, болашақ ұрпақ тәрбиесі турасында өз ойларын ортаға салды.
Жиынды «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов жүргізіп отырды.
«Бала ұяда не көрсе, соны іледі» демекші, бала тәрбиелеуде отбасындағы ата-ананың рөлі, баланы елжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу және т.б халқымыздың ата-бабадан ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатырған салт дәстүрі мен қасиеттерін ұрпақ санасына сіңіру турасында әңгіме өрбіткен Нұрлан Жақанұлы «Баланы дүниеге келтірумен қатар оның болашағына үлкен мән беруді әр ата-ана естен шығармаған жөн» - деді.
«Қаратөбе әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ажар Берікқалиқызы адами қасиет пен арожданның сақталуы, тек бала тәрбиесі ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақты тәрбиелеуші аға ұрпақ өкілдерінің жетістіктері мен қатар отбасында кездесетін кейбір кемшін тұстарды мысалға алып, оларды болдырмауға жол ашатын тәрбиелік маңызы зор ізгілік істерді насихаттайтын шараларды жиі ұйымдастыруды тілге тиек етті.
Кітапханашы Эльмира Есқайырова «Ауданның іскер қыз-келіншектері арасында шеберлік сыныптарын ұйымдастыру арқылы іскерлікке байланысты істерді арттыру қолға алынса өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер болар еді» деген ұсынысын тастады.
Дөңгелек үстелде отбасы ұйытқысы аналардың денсаулығын сақтау мақсатында олардың спорттық ойындарға тартылуы, қолөнер шеберлігі мен айналысуына жол ашу және тағы да басқа уақытты ұтымды өткізу турасында көптеген пікірлер айтылды.
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы