1 ақпан күні Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне аудан әкімі Асхат Шахаров бастаған аудандағы барлық мекеме басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Қабылдауда жекелеген тұрғындар жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар, денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, білім беру, кәсіпкерлік және басқа да салалардағы мәселелер жөнінде толғандырған сауалдарын жолдады.
Маңызды шараға 26 аудан тұрғыны келіп, көкейінде жүрген сауалдары бойынша шешімін таппай жүрген өзекті мәселелердің жауабын алып, арнайы мамандардан түсінік жұмыстарына қоса кеңестер алды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы