1 ақпан күні Қаратөбе мектеп-гимназиясында 2016-2017 оқу жылының І жарты жылдың қорынтындысы бойынша ата-аналарға арналған қоғамдық тыңдалым өтті.

Қоғамдық тыңдалымда алдымен мектеп директоры Гүлнафис Құспанова 2016-2016 оқу жылының І жарты жылдың қорытындысы бойынша баяндап, білім алушыларды қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына арналған іріктеу емтихандарының өткізілуін баяндады.
Одаң соң аудан прокуратурасының прокуроры Райхан Мұқанова кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, ұялы телефон, интернет желісін пайдалану жөнінде хабарлама жасады.
Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Арман Қыдырсихов балалар өмірінің қысқы қауіпсіздігінің алдын алу шаралары турасында баяндап, улы газ жөнінде бейнекөрсетілім көрсетілді.
Тыңдалымда смартфон телефондарын мектеп оқушыларына мүлдем ұстамау турасында ұсыныс тасталды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы