ХХҮІІІ бүкіләлемдік қысқы Универсиядаға орай Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп және колледж оқушылары арасындағы облыстық VІІІ қысқы Спартакиядасының қысқы президенттік көпсайыстың аудандық кезеңі болып өтті.

Шараға қатысқан Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев сайысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спорт түрін мектеп және колледж оқушылары арасында көптеп өткізу керектігін жеткізді.
Тартысты дода алдымен шаңғы спортымен басталып, нысанаға ату, кермеге тартылу сынды кезеңдер бойынша өрбіді.
Сайыс қортындысы бойынша І орынды Мұхит ЖОББМ, ІІ орынды Шөптікөл ЖОББМБ, ІІІ орынды Жусандыой ОЖББМБ иеленсе, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Соналы ЖОББМ марапатталды.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы