Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаратөбе колледжінде Елбасы Үндеуі кеңінен талқыланды.
Кездесу барысына Елбасы Үндеунің бейне көрсетілім көрсетілді. 

- Ата Заңымызға енгізілетін өзгертулер – елді жарқын болашаққа жетелейтін даңғыл жолы. Соған байланысты өзгерістер енгізу керек болды. Бұл өзгерістердің негізгі мәселесі – үш тармақтағы биліктің арасында үлкен баланс болуы керек. Сол баланс болған жағдайда экономика саласы болсын, саяси сала болсын пәрменді дамитын болады. 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктеріміз мықты Президенттік биліктің арқасында болса, енді демократияландыру үлесі белең алып, мықты Парламент, білікті Үкімет болуы тиіс, - дейді кездесуде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбенов.

- Біз жаңа ғана Президенттің арнайы Үндеуін тыңдадық. Бұл Президенттің мәлімдемесінде айқындалған өзгерістер – жай ғана өзгерістер емес. Жаңа жаңаруда емес, бұл – конституциялық жолмен еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу, негізінен еліміздің дамуындағы саяси маңызды парасатты қадам, - дейді аудандық мәслихат депутаты Дулат Қоламанов.
Елбасының билік тармақтарының арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу жөніндегі бастамасына колледждің белсенді жастары ой-пікірлерін білдіріп, қызығушылықпен қабылдады.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы