Алқа мәжілісіне мектеп директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының, аудандық білім беру бөлімінің мамандары қатысты.
Күн тәртібінде Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Шөптікөл ЖОББМБ-сында қорытынды атестаттауға, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына дайындық барысы; аудандық І, ІІ сынама тест қорытындысы; «Жазира» бөбекжай балабақшасының мемлекеттік атестаттау қорытындысы; ағымдағы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, 2014-2016 жылдарында мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік аттестаттау қорытындысы; 2016 жылғы білім саласының негізгі көрсеткіштерінің рейтингі; педагог кадрлардың біліктілігін арттыру; білім саласына қажет мамандар; мектептердің оқулықпен және материалдық-техникалық базамен қамтылуы; Кundelik.kz электронды жобасын мектеп-гимназияға енгізу мәселелері туралы сөз қозғалып, шешу жолдары талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық білім беру бөліміне, мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары директорларына нақты тапсырмалар берілді.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы