Қаратөбе аудандық сотында «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел сот ғимаратының ішкі қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оздырылды.

Іс шараға Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова, судья Олжас Миралиев, сот қызметкерлері және БҚО МКҚ ММ-нің Қаратөбе ауданы бойынша полиция қызметкерлері қатысты.
Шарада сот төрайымы сыбайлас жемқорлықты болдырмай, оның алдын алу, сот қызметкерлеріне келеңсіздіктерге жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармауды тапсырды.
Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы