Бүгін Қаратөбе ауданында аудан әкімдігі және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы суицид – қоғамымыздың қатерлі дерті» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте аудандық прокуратураның прокуроры Райхан Мұқанова «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид профилактикасы» тақырыбында, аудандық білім беру бөлімінің психология және «Өзін-өзі тану» пәндері жөніндегі әдіскері Клара Наукеева «Білім беру ұйымдарында суицидтің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар», аудандық орталық аурухананың психологы Лида Баянова «Суицидтің алдын алу бойынша психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Семинарда сөз сөйлеген аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Әмірбек Жәнібеков, Б.Қаратаев атындағы Саралжын ЖОББМ-нің директоры Бекжан Қойшекенов жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына жол бермеу бағытында имани тәрбие, мектеп пен ата-ана жауапкершілігі турасында ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов жүргізіп отырды.
Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы