Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінде «Таңғажайып сәт» атты сырттай фото-байқау көрмесі өтті.
Әрбір уақыт – қайталанбас сәт. Ал, сол бір сәтті сақтап қалып, еске түсіруге шынайы көмек болатын, ол – сурет. Суретке түсіру де – өнер.

Бір айта кетерлігі, аталмыш байқау жұртшылық назарына өзіндік ерекшелігімен ұсынылып отыр. Көрмеге Қаратөбе ауданы тарихынан сыр шертетін суреттер, сондай-ақ табиғаттың тылсым тұстары, адамдардың тосыннан түсірілген фото-кадрлары қойылған.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы