Жиналысқа ХҚКО департаментінің Қаратөбе аудандық бөлімінің маманы Ж.Қажиахметов қатысып, қызметкерлерге «Электрондық Үкімет» порталына кіру үшін міндетті түрде электрондық санды қолтаңба қажеттігі жөнінде және аудандық ХҚКО бөлімшесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы айтып өтті. Биылғы жылдан бастап мал шаруашылығына қатысты субсидияларға құжат қабылдауды жүзеге асыратындықтары жөнінде түсінік берді.
Ауылдық округ әкімі Б.Муса аталмыш қолтаңба алудың тиімділігін тұрғындарға түсіндіруді және 18 қаңтардан бастап тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуге отыруды «Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүзеге асыруға болатындығына тоқталды.
Сонымен қатар округ әкімі «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарттарының ауыл әкімінде қағаз жеткізгіште көрсетіліп отырса, осы қызметті ЭЦҚ бар азаматтардың үйлерінде отырып, «Электрондық Үкімет» порталы арқылы алуға болатындығын жиналысқа қатысушылар назарына салды.
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы