Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы үш жақты келісім комиссиясының кезекті отырысы оздырылды.  Аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақовтың төрағалығымен өткен отырыста күн тәртібіне бірнеше мәселелер қойылды.

Отырыста алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали «Еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үш жақты комиссия құрамына өзгеріс енгізу» туралы және де ҚР Президентінің 2008 жылдың 23 қаңтарындағы №523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Парыз» республикалық конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын өткізілетін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына аудан бойынша жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қатыстыру туралы баяндама жасады.
Одан соң Жусандыой ауылдық округі әкімі аппараты мен аудандық мәдени-демалыс орталығы мекемелерінде «Меморандум және ұжымдық шарттың орындалуы» туралы Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Ернар Биялиев хабарлама жасады.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекемелер бойынша ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабының орындалуы және де «Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп шығуын қамтамасыз ету» және аталмыш заңның 31-бабы «Мүгедектер үшін жұмыс орнының 3 пайыз квотасының орындалуы» бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Арман Отаубаев баяндап өтті.
Сонымен қатар, аудандық білім беру мекемелерінде «Бала жастан мүгедек балалардың құқықтарының қорғалуы» жөнінде аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы Іңкәр Есқазиеваның баяндамасы тыңдалды.
Отырыста комиссия мүшелерінің ұсыныстары қаперге алынды.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы