26 қаңтар аудан әкімі Асхат Шахаров Қаратөбе ауылдық округ тұрғындары алдында 2016 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жылдық есеп берді. Күн тәртібіне ұсынылған мәселе бойынша алдымен Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қажыгерейұлы округ бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады.

- Қаратөбе ауылдық округінің аумағында төрт елді мекен орналасқан. Қаратөбе ауданы орталығы және Шөптікөл, Соналы, Үшағаш елді мекендері.
Қазіргі таңда ауылдық округте 935 үйге көгілдір отын кірді, ол 77 % құрайды. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,6 % өскен.
Қаратөбе ауылдық округі бойынша көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бағдарламасы аясында өткен жылы 6 млн. теңге қаражат қаралды.
Аталған бағдарлама бойынша орталық алаңға гүлдер сатып алынып, отырғызылды. Гүл қоятын арнайы орындар жасақталды. Орталық саябаққа және Сырым Датұлы көшелеріне ағаш көшеттері отырғызылды. Көшедегі баннерлер жаңартылып, көше орталығындағы бағаналар және саябақ қоршаулары сырланды. 408 мың теңгеге Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығы мерейтойы қарсаңында киіз үйлер сатып алынды. 210 мың теңгеге ауылға кіре берісте домбыра ескерткіші орнатылды. 420 мың теңгеге Мұхит көшесінің бойына заманауи автобус аялдамасы салынып, «Қаратөбе» белгісі жаңартылды. 4 млн. 200 мың теңге техникалық көмек көрсету үшін, 1млн. 313 мың теңгесі күнделікті көше жарықтарын тұтынғанына аударылды.
Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің, аудан әкімі Асхат Шахаровтың қолдауымен ағымдағы жылда Соналы, Үшағаш ауылдарына түйткүлді мәселе болып келген ауыз су шешімін таппақ,- дейді ауылдық округ әкімі Ғалымгерей Қажыгерейұлы.
Округ әкімі Ғалымгерей Қажыгерейұлы білім, мәдениет, ауыл шарушылығы, денсаулық сақтау салалары бойынша атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталды.
Қаратөбе ауылдық округ тұрғындары алдында есеп бере келген аудан әкімі Асхат Берлешұлы 2016 жылғы аудан көлемінде атқарылған ауқымды істерді баяндап, 2017 жылғы жоспарымен бөлісті.
- 2016 жыл біздің аудан үшін жақсы жыл болды.
3 республикалық шара бізідің жерімізде өтті. Атап айтар болсақ үш жүзге ән оздырған Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығы, Ұзақ күйшінің құрметіне күйшілер байқауы оздырылды , және даңқты палуан Еңсеп Досқалиевке арналған республикалық турнир де Қаратөбе жерінде тойланған болатын.
Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің дамуы аудан эканомикасының өркендеуіне елеулі үлес қосуда.
Ағымдағы жыл жер телімін беру мәселесі оң шешімін таппақ және жеке кәсіпкер Құсайын Мұқановтың мал бордақылау алаңы іске қосылмақ, сондай-ақ Қоскөл елді мекені жанындағы автокенпинг сынды игілікті істер жүзеге аспақ,- деді.
Мұнан соң тұрғындардың қордаланған мәселелер бойынша ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Ерғалиұы аудан, ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстарына ризашылығын жеткізіп, оң баға берді.
Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы