Қаратөбе ауылдық округі бойынша көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бағдарламасы аясында өткен жылы 6 млн. теңге қаражат қаралған. Аталған бағдарлама бойынша орталық алаңға гүлдер сатып алынып, отырғызылды. Гүл қоятын арнайы орындар жасақталды.

Орталық саябаққа және Сырым Датұлы көшелеріне ағаш көшеттері отырғызылды. Көшедегі банерлер жаңартылып, көше орталығындағы бағаналар және саябақ қоршаулары сырланды. 408 мың теңгеге Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығы мерейтойы қарсаңында киіз үйлер сатып алынды. 210 мың теңгеге ауылға кіре берісте домбыра ескерткіші орнатылды. 420 мың теңгеге Мұхит көшесінің бойына заманауи автобус аялдамасы салынып, «Қаратөбе» белгісі жаңартылды. 4 млн. 200 мың теңге техникалық көмек көрсету үшін, 1млн. 313 мың теңгесі күнделікті көше жарықтарын тұтынғанына аударылған.
Бұл туралы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев Соналы, Үшағаш ауылдарында өткен 2016 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп беру жиынында баяндады.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қартаөбе ауданы