«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 2012 жылы монша ашып, оған «Асылбек» атауын беріп халық игілігі үшін қызмет көрсетіп келе жатырған аққозылық Қалимұрат Сариев кәсіпкерлікті алғашқылардың бірі болып ауданда қолға алған іскер жан ретінде кеңінен таныс.

«Көздеген мақсатына жету жолында аянбай еңбектеніп, тер төгетін еңбекқор Қалимұрат Сариев 2015 жылы моншаның қазандығын көгілдір отынмен жылытуға көшіруде көптеген қиындықтарды көрді. Қолға алған істен нәтиже шығармай қоймайтын іскер жігіт өткен жылы көгілдір отынға қол жеткізіп, аптаның сенбі, жексенбі күндері үзіліссіз монша жағып, халықтың қажетіне сай қызмет көрсетуде. Ол сонымен қатар тауарлар саудасымен, адам тасымалымен айналысып дамылсыз еңбек етуде. Қалимұрат қайырымдылық айлығында, «Мектепке жол» акциясында аз қамтылған, көпбабалы отбасыларға жыл сайын демеушілік жасап, қайырымдылық танытуды ізгі іске айналдырған,»-дейді Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы