Бүгін Қаратөбе ауданында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы №404 Жарлығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілген болатын.

Осыған орай өткізілген жиында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидаларын түсіндірген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирболат Нұртазин аттестаттаудың үш кезеңіне тоқталып өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру, қызметіне сай болуы үшін өткізілетін аттестаттаудың кезеңдерін, оларға қойылатын талаптар және аттестаттауға қатыспайтын мемлекеттік қызметшілердің санатына кімдер кіретіндігіне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдары бойынша аттестаттаудан 74 мемлекеттік қызметші өтуі жоспарланып отырғандығын атап өтті. Аттестаттау қағидаларын түсіндірген ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирболат Сүйеуұлына алғысын жеткізіп, барлық аттестаттаудан өтетін мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы