Karatobe bukrossing akciasi Аудан тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Буккроссинг» акциясын өткізуде. «Буккроссинг» сөзі қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді.

- Бүгінгі таңда жүзеге асырылып отырған акцияның мән-маңызы ерекше. Акцияға біздің аудан тұрғындары өз үлестерін қосады деген үміт бар. Оқырмандар оқыған қызықты кітаптарын Буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алуға болады. Аталмыш акция арқылы адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне жеткізе алсақ дейміз... Мүмкіндігіңіз болса, кітап сыйлаңыз, оқығыңыз келсе, кітап алыңыз! – дейді сала мамандары. Ертай БИМҰХАНОВ Қаратөбе ауданы

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы