Тауық жылының алғашқы он күндігі спорт саласында жағымды жаңалықтармен бастау алды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері алғашқы медальдарды қоржынға салды.

Орал қаласында қазақ күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыс чемпионатына қатысып, жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. 

Облыстық чемпионатта 170-тен астам балуандар үш күн бойы боз кілемде бақ сынасты.

Ауданымыздың намысын қорғай барған спортшыларымыз төрт белдесу өткізіп, соның бәрінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңсе, ақтық сында Райымбек Өтепов (46 келі), Арман Асылбекұлы (51 келі), Бекзат Мақаш (81 келі) ІІІ орындарға табан тіреді.

Облыс чепионатында қыздар бәсекесінде +70 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Зейнова қатысып жеңімпаз атанды. Қазақ күресінің қыр-сырын меңгеріп, облыс чемпионы атанған Мөлдір 15 жаста. Ол ақпан айында Шымкент қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды. Жаттықтырушысы аудандық балалар мен жасөсіпірдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Роман Сыдықов.

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ,
Қаратөбе ауданы