Жуырда облыс орталығы Орал қаласында өткен «Танылмаған талант - 2016» байқауы өткізілген болатын.

Аталмыш байқауға қатысып, өз өнерімен ерекшеленген жас талант иесі Елдос Өтеген «Үздік әнші» аталымын жеңіп алды.

– Мамандығым әнші болмаса да, нағыз таланттардың арасында ән салып, жеңімпаз атанамын деп ойламаппын. Қарсыластарымның қай-қайсы да осал болмады. Әрдайым маған қолдау көрсеткен ата-анама, достарыма алғыс білдіремін, - дейді байқау жеңімпазы Елдос Өтеген.

Қаратөбе өңірінен шығып, әншілік өнерді дәріптеп жүрген жерлесіміз бүгінгі таңда БҚМУ жаратылыстану, география факультетінің ІІІ курс студенті.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы