9 қаңтар күні Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары, "Мұхит жастары" ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен белсенді жастар қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция барысында ауданымыздың белсенді жастары жалғыз басты Талшын анамыздың үйінің ауласын қардан тазалап, қысқы отынын дайындауға көмек көрсетті.

Талшын әжей көмек қолын созған жастарға алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы