Облыс орталығы Орал қаласында қол күресінен (армрестлинг) 1999 жылы туылған жəне одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыс чемпионатында ауданымыздың жас спортшылары олжалы оралды.

Аталмыш жарысқа 9 команда сапында 100-ден аса спортшы қатынасты. Солардың қатарында Қаратөбе ауданының құрама командасы да бақтарын сынады. 

Қыздар арасында 35 келі салмақта Мадина Қорғанова І орын, 40 келі салмақта Лəйлə Аманқауыс ІІІ орын, 45 келі салмақта Раушангүл Мергенова І орын, 50 келі салмақта Аягүл Əділова ІІІ орын, 55 келі салмақта Лаура Болат І орынды жеңіп алды.

Ұлдар арасында 35 келі салмақта Дияс Жұмағали І орын, Дияс Октябрь ІІ орын , 40 келі салмақта Ермұрат Хамидолла ІІ орын, 45 келі салмақта Ержан Ерболат І орын, 50 келі салмақта Нұржан Нұрбеков І орын, Жандарбек Ниязов ІІ орын, 55 келі салмақта Аян Сағындықов І орын, Наурызбек Қуандықов ІІ орын, 65 келі салмақта Ерасыл Алтаев І орын, Алихан Есқабыл ІІІ орынды жеңіп алды.

– Жалпы командалық есепте Қаратөбе ауданы ІІ орынға табан тіреді.І орынды жеңіп алған спортшылар ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болды. Жылды табыспен аяқтадық дейді,- аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы