Бүгін«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында филиал төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаров тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген Қарақамыс ауылының тұрғыны Нұрлыбек Айтқалиев, Қаратөбе ауылының тұрғындары Серікқали Бахитов, Оралхан Акимов, Серік Оңдағанов, Жусандыой ауылының тұрғыны Дидар Мұхитов жұмысқа орналастыру жөнінде жолықты.

Бұл жолғы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың көпшілігі жұмысқа орналасу жөнінде көмек сұрай келген.
Тұрғындар ұсынысын мұқият тыңдаған аудан басшысы Асхат Шахаров көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, оң шешімін табу үшін тиісті деңгейде қадағаланатындығын жеткізді.

Қабылдау соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Маралбек АМАНТАЕВ,
Қаратөбе ауданы