Бұл қойылым арқылы сыбайластыққа тосқауыл қою, тамырына балта шабу үшін әр азамат өз үлесін қосуы тиіс екенін, сыйлық алушы ғана емес, оны берушінің де қылмыскер екенін, бірдің кесірі – мыңға тиіп, кейде бір адамның қателігінен бірнеше адам зардап шегетінін айта келе, жемқорлықсыз қоғам құру жолында әділет биігінен көрінуге үндеді.

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н. Есқалиев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев қатысты.
Шара барысында "Парасатты отбасы" байқауының жеңімпаздары марапатталды.