Орман алқаптарын қоршаған ортаны қорғау, елді-мекен жерлерін көркейту, көгалдандыру мақсатында Қаратөбе ауылының С.Датұлы көшесіне көшеттер отырғызылды.

Ағаш отырғызып ауылды жасыл желекке айналдыру ерекше көңіл бөлетін маңызы зор жауапты іске аудан әкімі Жанат Асантаев және орынбасарлары ауылдық округ әкімдері абаттандыруға жұмыла кірісті.

Айтулы ізгілікті шарада «Бір тал кессең, он тал ек» мақалын ұстанған ауыл азаматтары С.Датұлы көшесіндегі арнайы қоршауға алынған орынға 200-ге жуык аққайың көшеттерін отырғызды.

Туған жерге көшеттер отырғызып, таза ұстау әрбір азаматтың міндеті.