Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 5-6 қараша күндері Ішкі Істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильинның жалпы басшылығымен «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары өтті.

Соған сай бас қосқан аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі мен өзге де құрылымдар, басқарма кәсіпорындары қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын-алуды пысықтап, оқыс жағдайларға жол бермеу және алдын-алу шаралары жайында кеңесті.

Осыған орай, бүгін Қаратөбе ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет ету жасағының 30 техникасы мен 72 адам қатысты. Жасақтың дайындық жұмысымен аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Махамбет Қажыгереев, Қаратөбе аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов танысты.

Оқу жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық қадағаланды. Оқу жаттығу өз мақсатына жетті.

Мекеме мен кәсіпорындардың қысқы кезеңге дайындықтарын тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан әр іске жауапкершілікпен қарауды, қыс кезеңінде ұйымшылдықпен өткізуді тапсырды.