Жақында Бәйтерек ауданы, Калинин ауылында Бәйтерек ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Есенгелді Мусанұлы Киргеневтің жүлдесіне арналған волейболдан ерлер арасында аудандық ашық турниріне Қаратөбе ауданының командасы қатысқан болатын.

 

Ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу болып табылады.

Тартысты бәсекеге 9 команда қатысып, қызықты әрі, тартымды ойын өрнегін көрсеткен.

Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз жүлделі үшінші орын иеленді. Командаға диплом мен 100000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сонымен қатар «Үздік ойыншы» аталымымен Қаратөбе командасының ойыншысы Оралбай Берікұлы марапатталып, 30000 теңгенің сертификатын иеленді.