Басқосуға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев жиынға келген ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілеріне арнайы мамандардан өздерін мазалаған сұрақтары бойынша сауал жолдап, белсенді қатысуға шақырды.

Кездесуде сөз сөйлеген «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ орталық аппаратының несиелендіру департаментінің бас менеджері Ербұлан Талғатұлы аталған қор арқылы «Игілік», «Кәсіпкер» бағдарламалары арқылы берілетін несиелер туралы кеңінен баяндап берді.

Шағын бизнес пен мал шаруашылығын дамыту бағытында 2017-2021 ж.ж Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүргізілетін несиелеу түрлі бағыттты қамтиды. Атап айтсақ, «Игілік» бағдарламасы мал, құс, бал араларын, мал азығын сатып алуға берілсе, «Кәсіпкер» бағдарламасы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан ауылшаруашылық техникалары мен мал сатып алуға кепілдікпен берілетін несие қаржысының сомасын ұлғайтуға, тағы да басқа мәселелер турасында сұрақ қойып толымды жауаптар алды.

 

.