Қаратөбе ауданында аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы Мербол Есендосовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық мекеме, ұйымдардың жастары бас қосты.

 

Басқосуда Мербол Мағзомұлы жас мамандарға «Жастар кадрлық резерві» жобасы туралы кеңінен түсінік берді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты. Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Тұлға резервте 5 жыл тұрады.
         Сонымен қатар, резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады, - дей отырып, білікті жастарға үлкен мүмкіндік беріліп отырғанын айтты.
         Бүгінде ауданымызда бір маман аталмыш бағдарлама бойынша құжат тапсырып жатыр. Кандидат 2019 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтына тіркеліп жеке кабинетіндегі деректерді толығымен толтырып, жеке куәлік, жоғары білім туралы диплом және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін, сонымен қатар ұсыным хаттарды енгізу қажет.