11 қыркүйек күні Қаратөбе ауданы активінің жиналысы оздырылды. Жиналыстың күн тәртібінде Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы талқыланды.

 

Актив жиналысын кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі Жанат Асантаев Жолдауда айтылған басым бағыттар туралы айтты.

  • Жолдауда мемлекет басшысы тіл мәселесін қамтыды. Мемлекеттік тіліміздің ұлтаралық қатынас тіліне айналып, әлем тілдері қатарынан көріну керектігін де басты назарда ұстауды атап өтті.

Бұқаралық спортты дамытуға да үлкен көңіл бөлініп отыр. Бүгінде ауданымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен аудан бойынша 5 спорт алаңын салу жоспарланған еді. Қазіргі таңда үш спорт алаңын салу бойынша Шөптікөл ауылы, Жусандыой, Саралжын ауылдық округтерінде жұмыстар жүріп жатыр. Аудан бойынша спортпен шұғылданушылар 30,26 пайызға жетіп отыр, - деді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев.

Кәсіпкерлік саласын дамытуға байланысты көптеген мәселе айтылды. Осыған байланысты ауданның жас кәсіпкері Серік Қорғанұлы:

– Жолдауда Президентіміз 2020 жылдан бастап орта және шағын бизнес субьектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімнің күшіне енетінін айтты. Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қосымша қаражаттың бөлінуі, біз сияқты кәсібін жаңадан ашқан жастарға тиімді болатындығы сөзсіз, -дейді.

Жастар жылы аясында жастар саясатын қолдау бағытында ауданда атқарылған жұмыстар туралы аудандық «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгөлек Андирова баян етті.

Аудан активі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарға қолдау білдіретіндігін жеткізіп, жиналыс қаулысы қабылданды. Қаулыда аудан активінің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауындағы ел игіліне арналған басты мәселелердің қуатталатындығы айтылды.