Бүгін Қаратөбеде ауданындағы Мұхит атындағы орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті.

 

Шараның ашылу салтанатында «Қазақ биі» орындалды.
Ортаға мектеп табалдырығын аттағалы жатқан 1-сынып оқушылары шығып тақпақтарын айтты. 

Алғашқы қоңырау салтанатында мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлфайруз Қазығалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Г.Қазығалиқызының айтуынша, мектеп биылғы оқу жылын 641 оқушымен бастағалы отыр. Бірінші сыныпқа 105 оқушы қабылданған. 11 сыныпта 30 оқушы бар.

1- сынып бойынша ата-аналар атынан Жанар Құмарова, бастауыш сынып мұғалімі, бірінші санатты ұстаз Әлия Ахбалина әріптестері мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балғын шәкірттеріне сәттілік тіледі.

Биыл алғашқы қоңырау соғу рәсімі өзгеше эстафета түрінде жүргізілді.

Салтанатты шарадан кейін мектеп сыныптарында «Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Алғашқы қоңырау салтанатына аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлжанат Сағынова, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржамал Берниязова қатысты.