Бүгін Қаратөбе ауданында Ата Заңымыздың 24 жылдығына арналған «Айбарлы асқақ елді асқақтатар Ата Заң» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараны аудан әкімі Жанат Асантаев құттықтау сөзбен ашты. Жанат Асылханұлы Ата Заңымыздың маңызы мен мазмұнына тоқталып, Конституция аясында елде атқарылған ауқымы кең игі істерді баян етті. 

Салтанатты шарада аудандық сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызының баяндамасы тыңдалды.

Аудан жастары атынан жас маман Гаухар Феликс сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айшықты мерекемен құттықтап, жастар саясатын қолдау және жастар жылы аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған игі істерге ризашылығын білдірді. Мерекелік шара аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.