Қаратөбеде жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шарасы басталды.

Акцияға өлкетанушы, журналист Қайыржан Хасановтың ұлдары Сәбит, Ержан, Нұржан Хасановтар мұрындық болып, Жақсыбай ЖОББМ-нің даярлық пен 1 сыныпқа баратын бүлдіршіндеріне мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етті.

Қайырымдылық шараға қатысқан ата-аналар балаларының мектепке баруына ықпал етіп, алаңсыз білім алуына жағдай жасаған жандардың жомарттығына алғысын айтып, қайырымды қайырлы істеріне ризашылығын білдіріп, қуанышымен бөлісті. Игі істі жыл сайын дәстүрге айналдырған жомарт жандардың қайырымды ісі көпке үлгі.