31 шілде күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы оқып жатырған жастармен аудан әкімі Жанат Асантаев кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі Жанат Асантаев оқып жатырған жаскәсіпкерлерге сәттілік тілеп, сенім білдірді. Оларға өңірімізде жетіспей жатырған кәсіп салалары бойынша іс бастауға кеңес берді. Жастар аудан басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. 

Бизнес бапкер Жаннат Тілесованың айтуынша аталмыш жобаға ауылдық округтер мен орталықтан 18-29 жас аралығындағы 49 жас қатысуда. Аталған жоба он модельдік бағытта оқытылып жатыр. Бұл оқу курсына қатысушыларға 19 732 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалған. Жобада жас кәсіпкерлер өзінің бизнес жоспарын құрып 505 мың теңге қайтарымсыз грант конкурсына қатыса алады және 20 млн. теңге көлемінде 6 % жеңілдікпен несие алуға мүмкіндіктері бар.