Ауданда өткен «Таза жағалау» экологиялық акциясына қаратөбеліктер белсенді атсалысты.

Акцияның негізгі мақсаты аудандағы су айдындардың жағдайын жақсарту, туған жердің табиғатына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға баулу болып табылады.

Акцияға ауылдық округтердегі мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдары және жастар ұйымының өкілдері, «Жасыл ел» студенттік жасақтары қатысты.

Республикалық акцияға аудан орталығынан 7 бағыт бойынша бөлінген аймақтарын тазалады. 

Қалдығайты, Жақсыбай және басқа да шағын су айдындарының жағалаулары, жол жиегіндегі орман алқаптары тұрмыстық қатты қалдықтардан, қураған талдардан тазартылды.

Жалпы саны акцияға 513 адам қатысып, 9 техника тартылып, 3 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.