16 шілде күні Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев аудандық орталық ауруханаға және Қоскөл ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына су жаңа «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің кілтін табыс етті.

Аудан басшысы Жанат Асылханұлы аудан дәрігерлерінің қиын да жауапты еңбектеріне сәттілік тілеп, екі автокөліктің кілтін аудандық орталық аурухана басшысының міндетін уақытша атқарушы Әсемгүл Жайықбайқызына табыстады.

–        Бүгін біз үшін қуанышты күн. Жедел жәрдем көлігінің бірін орталыққа пайдаланамыз. Көліктеріміз ескірген еді. Жаңа көлік табысталып, қуанып жатырмыз. Екінші көлік күре жолдың бойында аудан орталығынан шалғайдағы округтің бірі Қоскөлге берілмекші. Жол-көлік оқиғасы бола қалса көбіне Қоскөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясынан жәрдем күтеді. Оқиға болған жерге тез жетіп көмек көрсетуге, халықтың денсаулығын сақтауда жаңа көліктің болғаны дұрыс деп есептеймін,-деді Әсемгүл Мұқанова.