ауданымыздың тарихи өлкелерін таныстыру, өскелең ұрпаққа, жастарға бағыт бағдар беру мақсатында «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедициясы басталды.

Шараға қатысушы меймандарды ауылдың кіре берісінен қарсы алған ұйымдастырушылар, киіз үйден ақ дәм ұсынып құрмет көрсетті. Алдымен, қонақтар аудан орталығындағы Қажым Жұмалиевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, экспедицияның ашылу салтанатына қатысты.Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Жанат Асантаев экспедиция мүшелеріне ақ жол тілеп, экспедиция жалауын М.Мералиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешовке табыстады.Аталмыш шараға Шымкент қаласынан, Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан делегаттар қатысты.Аудан аумағындағы тарихи орындар мен киелі жерлерді насихаттауға арналған аталмыш экспедиция екі күнге созылды.