Маусым айының 25-і күні сессия төрағасы Нұрлан Меңдешовтың төрағалығымен Қаратөбе аудандық мәслихатының VI шақырылымдағы кезектен тыс ХХХII сессиясы өтті.

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 25-3 «2019-2021 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың хабарламасы тыңдалды.

Хабарламашы Берік Базарұлының айтуынша Қаратөбе ауылдық округінің кіріс бөлігі – 203 млн. 860 мың теңге, шығыс бөлігі – 206 млн. 283 мың теңге болса, Сулыкөл ауылдық округі бюджетінің кірісі – 60 млн. теңге, шығысы – 60 млн. 201 мың теңге.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге 1 млн. 617 мың теңге, ал Сулыкөл ауылдық округіне осы бағытқа 1 млн. 259 мың теңге қаражат бөлінген. 

Аудандық мәслихаттың «Бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлан Оразов комиссия отырысында аталмыш шешімнің талқыланып, бірауыздан мақұлданғанын айтып, сессияға ұсынды. Халық қалаулылары шешімнің қабылдануын бірауыздан мақұлдады.