21 маусым күні Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында мемлекеттік қызметшілер  күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімі Жанат Асантаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік саясатты іске асырушы қауым – мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті.

Шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының және аудан әкімінің алғыс хатымен бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан қызметкерлер ант қабылдады және мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан ардагерлерге құрмет көрсетілді.


#Мемлекеттік_қызметшілер_күні
 #Мемлекеттік_қызмет_БҚО