Бүгін Қаратөбе ауданының орталық алаңында «Жолда қабылдау» акциясы аясында тұрғындарды қабылдады.

 

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Хасенов, жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсенов, учаскелік полиция инспекторы Темірхан Мәтжанов, көші-қон қызметі тобының инспекторы Бауыржан Еркінов, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы Мержан Еркінов атаулы акция аясында аудан тұрғындарын қабылдады. 

Маусым айының 14-15-іне жоспарланған акцияның алғашқы күнгі қабылдауына Егіндікөл, Жусандыой, Саралжын ауылдық округтерінің және аудан басындағы бір топ тұрғын қатысты.

 Қабылдауда тұрғындар өздерінің көкейлерінде жүрген өзекті мәселелер турасында сауалдар қойып, заң тұрғысынан түсінік алды. 
Акцияда жалпы қоғамдық тәртіптің сақталуы, жол қозғалысы , қару- жарақ ұстау ережелерінің сақталуы, азаматтық алу, жеке куәлік пен көлік жүргізуші куәлігін алу және тағы да басқа көптеген мәселелер қамтылды.